Amanat повышает доступность информации о страховании для клиентов
29.06.2026 08:00:00«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ ресми сайтта клиенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға бағытталған жаңа ақпараттық бөлімдердің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Біз сақтандырудың маңызды қаржылық шешімдермен байланысты екенін түсінеміз. Сондықтан сақтандыру өнімдері туралы ақпаратты қарапайым, түсінікті әрі қолжетімді етуге ерекше көңіл бөлеміз.
«Қаржылық сауаттылық» бөлімінде сақтандыру қағидаттары, сақтандыру өнімдерінің ерекшеліктері, ықтимал тәуекелдер және шарт талаптары туралы пайдалы ақпарат жинақталған.
Клиенттер келесі ақпаратпен таныса алады:
• сақтандыру өнімін таңдау кезінде қандай мәселелерге назар аудару қажет;
• сақтандыру шартын жасасар алдында қандай талаптарды ескеру маңызды;
• қандай оқиғалар сақтандыру жағдайына жататыны және қандай жағдайлардың ерекшелік ретінде қарастырылуы мүмкін екені;
• сақтанушының құқықтары мен міндеттері;
• өтінішті қалай беру және өз құқықтарын қалай қорғау қажет;
• интернет-ресурстар мен жеке кабинетті қауіпсіз пайдалану тәсілдері.
Сондай-ақ сайтта сақтандыру мәселелері, сақтандыру компаниясымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі және цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасының толық нұсқасы орналастырылған. Құжатпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: ……
Ақпаратты жылдам іздеу үшін сайтта жаңа «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімі іске қосылды. Онда сақтандыру өнімдері, полистерді рәсімдеу, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері және басқа да мәселелер бойынша ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілген.
Сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қаржы өнімдерін қауіпсіз пайдалану және қаржылық мәдениетті дамыту мәселелері бойынша қосымша материалдар Fingramota.kz ақпараттық-білім беру порталында қолжетімді.
Біз цифрлық сервистерді дамытуды және ақпараттың ашықтығын арттыруды жалғастырамыз. Біздің мақсатымыз – сақтандыруды әрбір клиент үшін түсінікті, ыңғайлы және қолжетімді ету.