S&P агенттігі «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ-на «B+» деңгейіндегі рейтинг тағайындады

Preview
Болжам – «Тұрақты».

Алматы, 16 қараша 2020 ж.

S&P Global Ratings Amanat компаниясына ұзақмерзімді кредит рейтингілерін, атап айтқанда сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылық рейтингін және эмитенттің кредит рейтингін «В+» деңгейінде тағайындады. Болжам – «Тұрақты». Компанияның қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтингі – «kzBBB».

Рейтинг агенттігінің бағалауынша, «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ операциялық қызметінің көрсеткіштері 2021-2022 жылдары ары қарай жақсара беретін болады. S&P агентігі Amanat тобы инвестициялық қоржынының жақсы әртараптандырылғанын, ал инвестициялардың кредит сапасы қанағаттанарлық екенін атап өтті.

Агенттік жариялаған ресми ақпаратқа сәйкес, S&P Global Ratings алдағы екі жыл ішінде Amanat Қазақстандағы жалпы сақтандыру нарығының бір бөлігін қалыпты түрде ұстап тұра алады, капиталдандыру көрсеткіштерін қазіргі деңгейде сақтап, оны көбейте алады деп күтеді. Мұны агенттік рейтингі пен «Тұрақты» болжамы растап тұр.

Агенттік Amanat бизнес құрылымы екі жыл бойы тұрақты болып қалады деп санайды, себебі компания сақтандыру қызметінің жеке және корпоратив бағыттарын қатар дамытуға ниетті. Бұдан бөлек Amanat клиенттерге қызмет көрсету сапасына баса назар аударады, сату процестерін, ақпарат процессингін және бизнес-процестерді іштей басқаруды цифрландыруын жалғастырады. Сондай-ақ компания сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін төлемпаздық қорын жеткілікті деңгейде ұстап отырады, ал иегер компания қажет болған жағдайда қолдау білдіреді деп болжануда.

Рейтинг агенттігі сақтандыру компаниясының төлем қабілеттілігі маржасының нормативі 2021-2022 жылдары «2х» көрсеткішінен жоғары болады деп күтеді. «Компания капиталының жеткілікті болуы шоғырландырылған есеп бойынша да, жекелей есеп бойынша да екі жыл бойы «ААА» санатына сай болады, ал сақтандыру мен инвестициялық қызметінің көрсеткіштері, сонымен қатар дивиденд төлемдердің болмауы бұл мақсатты орындауға көмектеседі деп ойлаймыз. 2020 жылдың 1 қазанында Amanat төлем қабілеттілігі маржасының нормативі 2,4x болып, жыл басындағы талап етілетін ең төменгі деңгейге (1х) жақын көрсеткішпен салыстырғанда өсті» делінген S&P хабарламасында.

Amanat басқарма төрағасы Ернар Нұрғалиев S&P Global Ratings рейтингінің компанияның сенімді екенін көрсетіетінін атап өтті. «Біз клиентті бәрінен жоғары қоятын ішкі құндылықтарымызды сақтай отырып, тиімді өнімдер, серіктестіктің қолайлы шарттарын ұсынамыз және аудиториямызды ең жақсы сервиспен қамтамасыз етеміз. Бұл компания қызметіне де оң ықпал етуде: жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отырмыз, беделді халықаралық және қазақстандық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Ең бастысы, сенімге иеміз. S&P рейтингі осыны дәл көрсетіп отыр», - деді сақтандыру компаниясының басшысы.

S&P Global Ratings ақпаратының толық мәтінімен осы сілтеме арқылы өтіп танысуға болады. 

Анықтамалық ақпарат:

«Amanat» СК» АҚ – Қазақстанның барлық ірі қаласында қызмет ұсынатын әмбебап сақтандырушы компания. Ұйым ерікті автосақтандыру, жүк, мүлік сақтандыру және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша үздік 10 ұйымның қатарына кіреді.

01.10.2020 деректеріне сәйкес, «Amanat» СК» АҚ жалпы сақтандыру нарығында (non-life) таза сақтандыру сыйақысы көлемі бойынша 5 млрд теңгеден астам көрсеткішпен 8-орында тұр. Аталған статистикаға сәйкес, көлік құралдары иегерлерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша «Amanat» СК» АҚ 7-орында, нарықтағы үлесі – 4.8%. Ерікті автосақтандыру бойынша компания 6-орында тұр, нарықтағы үлесі 6.7%-ды құрайды.

Байланыс мәліметтері:

Дінмұхамед Зиядин, PR-маман

+7 707 490 17 67

d.ziyadin@a-i.kz

www.amanat24.kz

Amanat басқа жаңалықтары