Самокат жалға беретін JET сервисінің клиенттері Amanat арқылы сақтандырылады

Preview
Серіктестігіміздің клиенттерге қай жағынан пайдалы болатыны туралы әңгімелеп берейік.

Біз самокаттарды жалға берумен айналысатын JET сервисімен достастық.

JET мобильді қолданбасы арқылы самокатты жалға алған адам сапар кезіне деп өзінің денсаулығы мен басқалар алдындағы жауапкершілігін сақтандыра алады. Бұл істе оған Amanat көмекке келеді.

- Жағымсыз оқиға болса және өміріңізге немесе денсаулығыңызға зақым келсе, бұл сақтандыру полисі арқылы 850 000 теңгеге дейін төлем алуға болады. Ол үшін медицина мекемесіне барып, бізге тиісті құжаттарды тапсыру қажет.

- Сіздің кінәңізден басқа адамның денсаулығына/мүлкіне зиян келсе, сақтандыру полисінде 150 000 теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Ең бастысы, полиция мен біздің апаттық комиссарды (7310 нөмірі арқылы) шақырып, Amanat сұратқан құжаттарды рәсімдеу керек.

- Сақтандыру бойынша қандай да бір сұрақтар болса немесе көмек қажет етсеңіз, 7310 нөміріне хабарласыңыз. Call-орталықта жұмыс істейтін әріптестеріміз кеңес беріп, жауап ұсынып, қолдау көрсетеді.

Amanat компаниясының JET сервисі серіктесі атанғанына қуаныштымыз. Бірлескен іс-әрекетіміздің клиенттер сапарын сапалы қорғаныспен қамтамасыз ететініне сенімдіміз.

JET – мобильді қолбанда арқылы самокатты арендаға алуға мүмкіндік беретін сервис. Самокатты тауып, QR-кодты сканерлеп, жолға шығып кетуге болады.

Жол ережесін сақтап, абай болуды өтінеміз.

Amanat басқа жаңалықтары