Еурохаттама - нұсқаулар
03.01.2024Сақтандыру оқиғаларын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жадынама – Еурохаттама
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мардымсыз жолкөлік оқиғалары (ЖКО) болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмай және соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын ресімдей алады.
Еурохаттама, егер:
1) ЖКО-ға екі көлік құралы ғана қатысса;
2) ЖКО-ға қатысушыларда қолданыстағы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру болса;
3) ЖКО нәтижесінде ЖКО қатысушылардың көлік құралдарына ғана шығын келтірілсе (өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаса, үшінші тұлғалардың мүлкі бүлінбесе);
4 )ЖКО-ға қатысушыларда бір тараптың кінәлі, екіншісінің зардап шегуші болуына қатысты келіспеушілік болмаса;
5) келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейін – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 369 мың теңге болса, қолданылады.
ЖКО-ны «Еурохаттама» мобильдік қосымшасы арқылы ресімдеуге болады,
мекенжайлары бойынша App Store және Google Play жүктеуге болады
Маңызды:
ЖКО-ға қатысушылардың мобильдік нөмірлері Азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс.
ЖКО-ға екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және ЖКО бойынша мәліметтерді толтыруы қажет.
«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу қажет