Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосты
12.02.2024Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосты
«Еурохаттама» - 2570
Байланыс арналарының ыңғайлылығын жеңілдету және арттыру мақсатында СТКҚ байланыс орталығына хабарласу үшін қысқа нөмірді іске қосты.
2570 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы автокөлік иелері жол-көлік оқиғаларын - «Еуропротокол» оңайлатылған тіркеуге қатысты туындаған кез келген мәселелер бойынша кеңес ала алады.
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ, «Еурохаттама» қызметін пайдаланушылар үшін жалпы сенім телефоны нөмірі әлі де қолжетімді: +7 (727) 339 31 88.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа сақтандыру қызметі – Еурохаттама іске қосылды. «Еурохаттама» жол полициясын шақырмай-ақ жол-көлік оқиғасын рәсімдеп, сақтандыру компаниясынан өтемақы алуға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін App Store және Google Play дүкендерінен мобильді қосымшаны тегін жүктеп алуға болады.
Ол арқылы жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғаларына да сақтандыру жағдайын тіркеуге болады.
Еурохаттама туралы толығырақ ақпаратпен ipgf.kz веб-сайтынан танысуға болады.