06.04.2018
"Amanat" Сақтандыру компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы

«Amanat» СК» АҚ Салимова Асия Молдабаевна жаңа Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалғаны туралы жариялайды.

Асия Салимованың қаржы, есепке алу және тәуекелдерді басқару салаларында жұмыс тәжірибесі мол. Ол 23 жылдан астам уақыт бойы ірі қазақстандық компаниялар мен банктерде басшы қызметтерді атқарып келді, олардың ішінде Alem Bank Kazakhstan, Тұран Әлем Банкі, Resmi Group. 2013 жылдан бастап, Асия Салимова Басқарма Төрағасының орынбасары – Комплаенс директор және “Ordabasy Group” ЖШС-нің ішкі аудит қызметіне жетекшілік етеді.

«Асия Салимовның айтарлықтай жұмыс тәжірибесіне байланысты, өзі үшін жаңа рөлге дайындығы жақсы. Бизнестің аспектілерін терең түсінушілігі компанияның болашақ дамуына оң әсерін тигізеді және біріккен ықпалдармен халқымыздың басым бөлігіне сапалы қызмет көрсетуді қолжетімді қылады», - деді «Amanat» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерғали Бегімбетов.

«Amanat» СК» Акционерлік қоғамының борышы - клиенттерге жоғары сапалы қызметті жедел атқаружәне сақтандыру төлемдерін клиенттердің ойлағандарынан асып түсіп, атқару.

«Amanat non-life сақтандыру бойынша компаниялар арасында ТОП 10 кіретін және кеңейтілген клиенттік базасы бар нарықтағы көшбасшы, – дейді Асия Салимова. – «Ұзақ жылдар бойы компанияның негізгі құндылықтары болып, мықты топ және клиенттерге қызмет көрсету болып табылады. Мен осындай көзқарасты ұстанамын және ол өзгеріссіз. Адалдық және ашықтық қағидаларын басымдылыққа алып, компанияның борыштарын арттыруға ұмтыламыз және клиенттер үшін жаңа жобалар мен ұсыныстарды жасаймыз.

Компания туралы ақпарат:

«Amanat» СК» АҚ 1997 жылғы 24 шілдеде құрылған және 2015 жылғы 9 қарашада № 2.1.52 лицензиясының негізінде әрекет етеді. Компания автокөлікті, жүктерді, мүлікті, азаматтық - құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру бойынша ТОП 10 кіреді. 2017 жылғы нәтижелер бойынша, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, «Amanat» СК» АҚ жалпы сақтандыру нарығында (non-life) жиынтық сақтандыру сыйлықақысы көлемі бойынша 10-шы орынға ие болды, жиынтық сыйлықақысы көлемі 8,945 млрд. теңгені құрайды. Компания активтері 9,468 млрд. теңге, меншікті капитал – 4,193 млрд. теңге, жарғылық капитал – 1,930 млрд. теңге.

Байланыс:

«Amanat» Сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі

Олеся Гордиенко

Маркетинг және PR бөлімінің бастығы

+7 727 244 33 44, вн. 2233, o.gordienko@a-i.kz, www.amanat24.kz, www.a-i.kz

Толығырақ
08.01.2021
Информация об изменениях условий по предоставлению бесплатной технической помощи
с 9 января 2021 года бесплатная техническая помощь доступна в новых лимитах.
Қосымша ақпарат
25.11.2020
Amanat логотипінің рестайлингі
Маңызды жаңалықты бөлісеміз.
Қосымша ақпарат
16.11.2020
S&P агенттігі «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ-на «B+» деңгейіндегі рейтинг тағайындады
Болжам – «Тұрақты».
Қосымша ақпарат