30.04.2020
Тегін эвакуатор ұсыну қызметін тоқтату туралы ақпарат

Көлік иелері жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша эвакуатор қызметін ұсыну тоқтатылады

Қымбатты достар!

Amanat компаниясының кей сақтандыру өнімі бойынша көлік бұзылған жағдайда тегін эвакуатор ұсыну қызметін тоқтататынын хабарлаймыз. 2020 жылдың 1 мамырынан бастап «көлік бұзылғанда эвакуаторға тапсырыс беру» қызметін мына сақтандыру келісім-шартын бекіткен клиенттер қолдана алмайды:

  • Міндетті автосақтандыру (КҚИ АҚЖ МС)
  • Міндетті автосақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) – Қазақстан аумағына уақытша кіру және көлікті уақытша тіркеу бойынша
  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру
  • «Обоюдка»

«Каско», яғни көлігін ерікті сақтандырған клиенттер автомобиль бұзылған жағдайда эвауаторға бұрынғыша тегін тапсырыс бере алады. Жол-көлік апатына ұшыраған клиенттер де эвакуация үшін бұл қызметті пайдалану құқығына ие. Міндетті автосақтандыру бойынша Amanat-пен шарт бекіткен заңды тұлғалар да эвакуатор қолдана алады.

Өөзгерістің тегін техникалық көмекке (дөңгелек үрлеу, көлік оталдыру, жанармай жеткізіп беру) қатысы жоқ екенін айта кеткен жөн. Тегін техникалық көмекті компания белгіленген лимит шеңберінде клиенттерге ұсынуын жалғастырады. Сондай-ақ жылдам төлем беру, жол-көлік оқиғасы кезінде көмектесу, соттан құжатты алып кету секілді қызметтер де күшінде. Жалпы, барлық бонус пен қосымша қызметтер өзгерген жоқ.

Міндетті автосақтандыру бойынша тегін эвакуатор ұсыну қызметін тоқтату – компания үшін еріксіз жасалып отырған шара. COVID-19 коронавирусы тудырған жаһандық пандемияның кесірінен әлем экономика күрделі жағдайға тап болғаны белгілі. Бұдан Қазақстан экономикасы да зардап шегуде. Қазір отандық компаниялар қатаң үнем режиміне көшті. Сол себепті біз кей шығынды қысқартуға мәжбүрміз. Бұл – дұрыс шешім: осының арқасында қиын кезеңнен өтіп, болашақта клиенттерге арналған тиімді әрі пайдалы ұсыныстармен оралатын боламыз.

Көлік бұзылған жағдайда эвакуатор қызметін ақысыз ұсыну – компанияның өз бастамасы екенін, оның клиентке арналған қосымша бонус ретінде компания тарапынан ерікті түрде көрсетілетінін және сақтандыру сыйақысының құнына кірмейтінін өздеріңіз де білесіз.

Amanat – қашан да жолдасын жолда қалдырмайтын компания. Қазір бізге сіздердің қолдау қажет. Шешімімізге түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Жағдай жақын арада оңалады деп үміттенеміз.

Толығырақ
08.01.2021
Информация об изменениях условий по предоставлению бесплатной технической помощи
с 9 января 2021 года бесплатная техническая помощь доступна в новых лимитах.
Қосымша ақпарат
25.11.2020
Amanat логотипінің рестайлингі
Маңызды жаңалықты бөлісеміз.
Қосымша ақпарат
16.11.2020
S&P агенттігі «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ-на «B+» деңгейіндегі рейтинг тағайындады
Болжам – «Тұрақты».
Қосымша ақпарат