12.05.2020
Төтенше жағдай мен карантин кезіндегі Amanat жұмыс кестесі

​Достар, карантин шараларының күшеюіне байланысты біз филиалдардың көпшілігін жаптық. Кей қалаларда апаттық комиссарлар қызметі мен эвакуатор тоқтап тұр. Бұл – уақытша болып жатқан іс, қазір ел коронавирустың таралуына тоқтау қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Осыған қарамастан сіз кез келген уақытта бізбен байланыса аласыз. Полис рәсімдеу немесе кеңес алу қажет болса, жауап іздесеңіз, 7310 нөміріне, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға хабарласыңыздар. Call-орталық күшейтілген режимге көшті, әріптестеріміз тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетеді.


Төтенше жағдай мен карантин кезіндегі жұмыс кестесі.


* Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Өскемен, Петропавл:

- кеңселер ТЖ және карантин кезінде жабық;

- апаттық комиссарлар техникалық көмек көрсете алмайды, сақтандыру жағдайына шықпайды, мүлік қарамайды, сондай-ақ эвакуатор шақыруға болмайды.


* Алматы:

- кеңселер ТЖ және карантин кезінде жабық;

- 2020 жылдың 30 сәуірінен бастап техникалық көмек және эвакуатор қызметі қолжетімді, апаттық комиссарлар сақтандыру оқиғаларына бара алады.


* Талдықорған:

- кеңселер ТЖ және карантин кезінде жабық;

- техникалық көмек қолжетімді, апаттық комиссарлар сақтандыру оқиғаларына бара алады. Эвакуатор қызметі істемейді.


* Көкшетау:

- кеңселер ТЖ және карантин кезінде жабық;

- 07:00-ден 20:00-ге дейін техникалық көмек қолжетімді, апаттық комиссарлар сақтандыру оқиғаларына бара алады. Эвакуатор қызметі істемейді.


* Қостанай:

- кеңсе әзірге жұмыс істеп тұр;

- апаттық комиссарлар техникалық көмек көрсете алмайды, сақтандыру жағдайына шықпайды, мүлік қарамайды, сондай-ақ эвакуатор шақыруға болмайды.


Назар аударыңыз: Өзгерістер болған жағдайда, олар туралы ақпаратты осы мәтінге шұғыл түрде енгізіп отырамыз.

Толығырақ
08.01.2021
Информация об изменениях условий по предоставлению бесплатной технической помощи
с 9 января 2021 года бесплатная техническая помощь доступна в новых лимитах.
Қосымша ақпарат
25.11.2020
Amanat логотипінің рестайлингі
Маңызды жаңалықты бөлісеміз.
Қосымша ақпарат
16.11.2020
S&P агенттігі «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ-на «B+» деңгейіндегі рейтинг тағайындады
Болжам – «Тұрақты».
Қосымша ақпарат