25.11.2020
Amanat логотипінің рестайлингі

Маңызды жаңалықты бөлісеміз.

Құрметті достар, біз Amanat логотипіне рестайлинг жүргіздік.


Осы ретте рестайлингтің сабақтастықты, жалпы көріністі және бренд атауын сақтай отырып, кей визуал элементті өзгерту екенін айта кеткен жөн. Ал бренд құндылығы мен идеологиясынан бастап компания атауына дейін ауысуы мүмкін ребрендинг – басқа тәсіл.


Біз «t» әрпінің үстінде тұрған графикалық элементті қарапайымдатып, өзгерттік. Жаңа дизайнның арқасында ол бұрынғыдан ықшам және ширақ бола түсті.


Жаңа элемент формасы су тамшысына да, өсімдік жапырағына да ұқсайды. Бұл екі бейне осыған дейінгі логотип нұсқалары салған ізді визуал және мән-мазмұн тұрғысынан жалғастырып тұр. Естеріңізде болса, бұрынғы логотипте бұл орында ағаш суреті бар еді.


Сондай-ақ тамшы мен жапырақ үміт мен тыныштықты, яғни Amanat-тың өз клиенттеріне сыйлайтын құндылықтарын бейнелейді.


Рестайлинг барысында сіз бен біздің арамыздағы Amanat клиенті атанған адамның жайлы, сенімді қызметке қол жеткізе алатыны туралы маңызды байланысты көрсете айтқымыз келеді. Бұдан бөлек жалпы сырт көрінісін, бірегей қаріп түрін, алдыңғы нұсқалармен байланысты да сақтап қала алдық.


Жаңа логотип алдағы уақытта барлық тиісті орында пайда болады.

Толығырақ
08.01.2021
Информация об изменениях условий по предоставлению бесплатной технической помощи
с 9 января 2021 года бесплатная техническая помощь доступна в новых лимитах.
Қосымша ақпарат
16.11.2020
S&P агенттігі «Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ-на «B+» деңгейіндегі рейтинг тағайындады
Болжам – «Тұрақты».
Қосымша ақпарат
23.09.2020
«Amanat» сақтандыру компаниясы» АҚ заңды мекенжайы өзгерді
«Amanat» заңды мекенжайының өзгергені туралы хабарлайды.
Қосымша ақпарат