Біздің мақсатымыз – сіз күткеннен де артық болу

Ойыма корпоративтік мәдениет, пікірлес әріптестер, біліктілігі жоғары мамандар, Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істеу, өсім, диверсификация, құзыретті стратегия секілді неше түрлі асқақ идеялар келіп тұр.

Бірақ, шын мәнінде, біз сақтандыру өнімдерін өзіміз қуана қолданатын және болашақта да қолдана беретін компания құрып жатырмыз.

Өз жұмысымызды жақсы көреміз және компаниямызды мақтан тұтамыз.

Бізбен біргесіз бе?



СТРАТЕГИЯ

Біздің мақсатымыз – қызмет көрсету мен сақтандыру төлемдерін жасау жылдамдығы бойынша нарықта көшбасшы болып қалу. Сіз енді ойлаған дүниені біз жасап қойдық! Қарапайым сөзбен айтқанда, сақтандыру нарығында сиқыршы болуды үйренудеміз.

КЛИЕНТТІҢ БАБЫН ТАБУ
Біз клиенттің орнына әрқашан өзімізді қойып көреміз, яғни өз жұмысымызды сынай қарауға тырысамыз. Бұл сақтандыру компаниясы қандай болу керектігін армандауға көмектеседі, яғни біз өзгенің ісіне өзіміздікіндей қараймыз. Сондықтан біз барлық жерде және әрқашан сіз күткеннен асып түсетіндей етіп жұмыс істейміз. Зейін мен сезгіштік – бұл біздің ғана емес жалпы ұжым ішіндегі жұмыстың қалыптасуындағы басты қасиетіміз.
КОМАНДА

Біз айналамыздағы әлемді жақсартып, жақсы жағына өзгерту үшін Amanat сақтандыру компаниясына жиналдық. Осы үшін жұмысымызды жақсы көреміз және компаниямызды мақтан тұтамыз!

ЖҰМЫС ҚАҒИДАСЫ
Біздің жұмысымыздың басты қағидасы – әрқашан өзіңді клиент орнына қою. Біз үшін бұл қандай маңызға ие? Бұл біздің сервис сізге қаншалықты ұнар еді және қалайша сізге жақсы жағдай жасай аламыз дегенді түсінуге көмектеседі.
Компания тарихы