«Amanat» СК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Прманшаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
11.03.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысының атынан қаржы секторының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Салтанатты рәсім 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілді.
Мәдина Әбілқасымова барлық әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, жоғары мемлекеттік наградалар – бұл ел басшылығы тарапынан қаржы секторы қызметкерлерінің айрықша еңбегі мен кәсібилігін бағалау екенін атап өтті.
Салтанатты рәсім барысында «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Amanat» СК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Прманшаева марапатталды.
Салтанатты жиынды Агенттік басшысы барлық марапатталған қаржы саласы қызметкерлерінің сіңірген еңбегі мен үлестерін атап өтті.
Жиын соңында Агенттік басшысы әйелдердің қаржы нарығының серпінді дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, оларға алдағы уақытта кәсіби табыстар тіледі.
Бүгінде қаржы нарығындағы жалпы мамандар санының 57%-ын әйелдер құрайды. Әйелдер жетекші банктерді, сақтандыру ұйымдарын және бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін компанияларды табысты басқарады.