Қаржылық сауаттылық: барлық ұрпақтар үшін негіздер
04.09.2025 09:30:00Қаржылық сауаттылық — бұл біздің әл-ауқатымыздың негізі. Оған бюджетті жоспарлау, кредиттерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және инвестициялау, алаяқтықтан қорғану және қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде өз құқықтарын білу мүмкіндігі кіреді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің зерттеуіне сәйкес, 2023 жылы Қазақстандағы Қаржылық сауаттылық индексі 40,5%-ды құрады. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден жоғары, алайда, білім деңгейі әлі де жеткіліксіз. Көбінесе қазақстандықтарға келесі мәселелерде түсінік жетіспейді, атап айтқанда:
• жеке және отбасылық бюджетті басқару;
• шығындарды бақылау және «қауіпсіздік жастығын» құру;
• кредиттерді сауатты пайдалану;
• сенімді қаржылық өнімдерді таңдау.
Қаржылық сауаттылық барлық жастағы адамдар үшін маңызды. Жасөспірімдерге бұл жас кезінен бастап ақшаға дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Жастар үшін — қарыз жүктемесінен аулақ болу және үнемдеуге үйрену. Ересектер үшін — бұл табысты тиімді бөлу құралы. Ал аға буын үшін - алаяқтардан қор мен жинақты қорғау мүмкіндігі.
Бүгінгі таңда көптеген оқыту құралдары бар: Fingramota.kz сайтында табуға болатын курстар, тесттер, интерактивті материалдар. Онда жеке қаржылық жоспарды қалай құруға болатынын, Қазақстанда қандай инвестициялар бар екенін және типтік қателіктерден қалай аулақ болуға болатынын білуге болады.
Қаржылық сауаттылық деңгейін қалай арттыруға болатыны туралы толығырақ — fingramota.kz. сайтында.