Жүктер бойынша шығындарды онлайн реттеудің толық циклі
13.10.2025 14:32:31"Amanat" сақтандыру компаниясы жүктерді сақтандыру бойынша шығындарды онлайн-реттеудің толық циклін іске асырған Қазақстандағы алғашқы сақтандыру компаниясы болды.
Бұрын жүк тасымалдау саласындағы сақтандыру жағдайларын реттеу процесі ұзақ және уақытты қажетсінетін: құжаттарды жинау және тапсыру бірнеше аптаға, кейде бірнеше айға созылатын еді. Байланыс телефон және электрондық пошта арқылы жүргізілді, құжаттар курьерлер немесе жүргізушілер арқылы берілді, бұл деректерді жоғалтудың қосымша тәуекелдерін тудырды және қарау процесін баяулатты. Бұл ретте, клиенттердің нақты уақыт режимінде өз істерінің мәртебесін бақылауға мүмкіндігі болмады.
Бүгін өтініш және барлық қажетті құжаттар онлайн-форматта — Компанияның сайтында жеке кабинет арқылы беріледі. Клиент өтінішті тіркеуден бастап залалды бағалауға және сақтандыру төлемін алуға дейін есеп айырысудың барлық кезеңдерін бақылау үшін ашық және ыңғайлы құралға қол жеткізді.
Жаңа жүйе есеп айырысу мерзімдерін едәуір қысқартуға, сондай-ақ клиенттер үшін де, Компания үшін де әкімшілік және операциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.
"Amanat" СК бөлімшелері арасындағы сақтандыру төлемдерін келісу мен бекітудің ішкі процестері де цифрлық форматқа ауыстырылғанын атап өту маңызды. Өзара іс-қимылдың барлық кезеңдері онлайн - іс қағаздарын және кабинеттер арасында физикалық құжаттарды берусіз жүргізіледі, бұл барлық кезеңдерде жеделдікті, ашықтықты және сапаны бірыңғай бақылауды қамтамасыз етеді.