Аудиторлардың АҚЖ міндетті сақтандыру
Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы № 440-II Заңымен реттеледі.
Сақтандыру объектісі
Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндеттемесiне байланысты аудит объектiлерiне аудит жүргiзу кезiнде келтiрiлген мүлiктiк зиянның орнын толтыру мiндетiмен байланысты мүлiктiк мүдде.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған аудиторлық ұйымдар.
Өтініштегі ақпаратты растау үшін қажетті құжаттар (электрондық немесе сканерленген көшірмелер) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия.