Қауіпті нысан иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің меншік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-II «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының» Заңымен реттеледі.
Сақтандыру объектісі
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектінің меншiк иесiнiң үшінші тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактормен келтiрiлген Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген зиянды өтеу мiндеттемесiне байланысты мүлiктiк мүддесi.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар
Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында немесе кез келген нысанда немесе басқа да заңды негізінде иеленетін жеке және (немесе) заңды тұлға..
Өтініштегі ақпаратты растау үшін қажетті құжаттар (электрондық немесе сканерленген көшірмелер). жеке тұлға үшін:
жеке куәлік; қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі туралы декларация; заңды тұлға үшін: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; қауіпті өндіріс орнының өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы.