Міндетті экологиялық сақтандыру
Міндетті экологиялық сақтандыру
Міндетті экологиялық сақтандыру «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 93-III Заңымен реттеледі.
Сақтандыру объектісі
Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамның үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға оның кездейсоқ ластануы нәтижесінде келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндеттемелерiне байланысты мүлiктiк мүддесi.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар. Тізбе «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №27 бұйрығымен айқындалған.
Өтініштегі ақпаратты растау үшін қажетті құжаттар (электрондық немесе сканерленген көшірмелер) жеке тұлға үшін:
жеке куәлік; заңды тұлға үшін: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік.