Көлікті сақтандыру (авто, әуе, темір жол, теңіз)
Автокөлікті сақтандыру
Көлікті коммерциялық мақсатта пайдаланатын компаниялар әрқашан тәуекелге барады. Белсенді пайдалану, нашар жолдар, кептеліс көшелер және ЖКО жоғары ықтималдығы - осы факторлардың кез келгені ұйым көліктерінің уақытша немесе тұрақты істен шығуына әкелуі мүмкін. Бұл уақытты да, ақшаны да босқа кетіреді. Біз Сізді көлік ақауларының салдарынан барынша сақтаймыз. Осы мақсатта біз заңды тұлғаларға арналған әртүрлі автосақтандыру өнімдерінің толық кешенін әзірледік. Сіз «Amanat» сақтандыру компаниясында автокөлік иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыра аласыз және/немесе тиісті ерікті КАСКО сақтандыру қызметін таңдай аласыз. Біз жеңіл автоөліктерді де, өндірістік мақсаттағы мамандарылған машиналарды да сақтандыруды жүзеге асырамыз және сізге қолайлы шарттарды қамтитын сақтандыру өнімін ұсынамыз. Сіз өзіңізді келесі тәуекелдерден сақтай аласыз. Amanat сақтандыру компаниясында Сіз өзіңізді келесі қауіптерден қорғай аласыз: ЖКО; Көлікті айдап кету; Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері; Заттардың құлауы, аударылуы, қозғалмайтын немесе қозғалатын заттармен соқтығысуы; Өрт, жарылыс, табиғи апат, қатты желдің екпіні; Автокөліктің қысқа мерзімді су басу және басқа қауіптер. Сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда біз: Біз төлемді 4 күн ішінде жүзеге асырамыз. Қажет болса, 5 литр бензинді тегін жеткізіп береміз, аккумуляторды оталдырамыз және дөңгелектерді үрлеп береміз. ЖКО болған жағдайда біз сақтандыру жағдайын тіркейтін төтенше жағдайлар жөніндегі комиссарды жібереміз, жол полициясының инспекторын шақырамыз және Сізге такси/эвакуаторды тегін жібереміз. Жолдарда сәттілік!