Нотариустардың АҚЖ міндетті сақтандыру
Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435-II Заңымен реттеледі.
Сақтандыру объектісі
Жекеше нотариустың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес жекеше нотариус жүзеге асыруы үшiн жекеше нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiмен байланысты мүлiктiк мүдделер.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын жекеше нотариустар.
Өтініштегі ақпаратты растау үшін қажетті құжаттар (электрондық немесе сканерленген көшірмелер). жеке куәлік;
нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия; жекеше нотариустың қызмет ету аумағын растайтын құжат.