Көлік иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-II Заңымен реттеледі.
Сақтандыру объектісі
Сақтанушының/Сақтандырылушының көлік құралын өскен қауіп көзі ретінде пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген оның міндетіне байланысты мүліктік мүддесі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар Ішкі істер органдарының бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркеуге жататын) көлік құралдарының барлық түрлерінің, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустардың иелері; Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (кіргізілген).
Өтініштегі ақпаратты растау үшін қажетті құжаттар: (электрондық немесе сканерленген көшірмелер), мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, көлік құралын тіркеу туралы куәлік.