Тасымалдаушының АҚЖ міндетті сақтандыру
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444-II Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Сақтандыру объектісі
Тасымалдаушының жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне оларды тасымалдау кезінде келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеттемесіне байланысты мүліктік мүддесі.
Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар Жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль және қалалық теміржол көлігімен тасымалдайтын Қазақстан Республикасының тұрақты тасымалдаушылары. Тасымалдаушы – меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде темiр жол, теңiз, iшкi су, әуе, автомобиль көлiгi, оның iшiнде қалалық рельс көлiгi бар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалдау бойынша жолаушылар мен олардың мүлкiн ақылы түрде тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға
Өтініштегі ақпаратты растау үшін қажетті құжаттар (электрондық немесе сканерленген көшірмелер) заңды тұлға үшін:
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік. көлік құралының иесі үшін: көлік құралын тіркеу туралы куәлік. темір жол көлігінің иесі үшін: темір жол көлігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. әуе кемесінің иесі үшін: әуе кемесін тіркеу куәлігі; деректер картасы бар әуе кемесінің типінің сертификаты. теңіз кемесінің иесі үшін: теңіз кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; жолаушы куәлігі. ішкі су көлігінің иесі үшін: кеме куәлігі/кеме билеті.