Жүкті сақтандыру
Егер сіз жүктерді тасымалдаумен айналыссаңыз, онда жол бойындағы көлігіңізге төнетін қатерлер жөнінде басқаларға қарағанда жақсы білесіз. Күтпеген оқиғалар фура немесе параходтағы бағалы заттарға зақым келтіріп немесе жоюы мүмкін. Сондықтан жүк таситын компаниялар шығындардан алдын ала сақтандырылады. Сіз солардың ішіндесіз бе?
Егер солай болса, онда Amanat СК сізге жүктерді сақтандырудың екі түрін ұсынады. Сіздер бізде жүктің өзін немесе жүк тасымалы жауапкершілігін/экспедиторды сақтандыра аласыздар.
Жүкті сақтандыру – бұл барлық қатерді жабатын толық кешен: барлық жүктің немесе жартысының бүлінуі мен жойылуының шығындары.
Тасымалдаушы/экспедитор жауапкершілігін сақтандыру – шығынға өтемақы төленеді, тек сақтандыру жағдайы тасымалдаушы/экспедитор кінасынан болған кезде ғана.
Егер сіз көп мөлшерде тауар тасымалдайтын болсаңыз, сізге сақтандырудың Бас шартын бекітіп және төмен мөлшерде депозиттік сыйақы енгізуге кеңес береміз. Бұл жағдайда сізге жүгіңізді әр сапар сайын сақтандырудың қажеті жоқ, менеджерге өтінім жіберсеңіз жеткілікті және сіздің жүгіңіз автоматты түрде сақтандырылады. Бұл құжат айналымын қысқартады, уақытыңызды үнемдейді, оған қоса сақтандыру мен операциялық шығындарыңызды төмендетеді.
Сақтандыру жағдайы орын алғанда біз тек жүк құнын ғана емес тасымалдау шығынын, УСҚ-да сақтау және кедендік шығындарды да өтейміз.
Сақтандыру келісім шарты аясында біздің компанияның бонусы есебінде 60 күнге дейінгі жүкті сақтау мерзім аралығы өтеледі!
Біз жүгіңіздің аса бағалы болуы мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан Amanat СК жүктерді тасымалдау бойынша рейтингі А-, AM Best төмен болмайтындай компанияларымен қайта сақтандыру келісім-шартын бекітті. Бұл ауқымды сақтандыру сомасындағы қатерлерді ескеруге және оңтайлы баға жағдайында 200 млн теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін жасау кепілдігін беруге жол ашады!
Бізге қосылыңыздар!
P.S. Егер сақтандыру жағдайы бойынша шығын 1 000 000 теңгеден төмен болса, өтемақыны қысқа мерзім ішінде, яғни сізден құзырлы органдардан құжатты талап етпей-ақ төлеп береміз.
Біздің апатты комиссарларымыз барлық аймақта жұмыс істейді әрі бюрократиялық процедурасыз проблеманы жедел шешуге әзір.